Марк Цукерберг декреттік демалысқа кететінін мәлімдеді
Әлемдегі ең танымал Facebook әлеуметтік желісін құрған Марк Цукерберг екінші сәбиі дүниеге келгеннен кейін декреттік демалысқа кететінін мәлімдеді.

“Жақында біздің қызымыз дүниеге келеді, сол кезде екі айға декреттік демалысқа шықсам деймін. Мен келгенге дейін, кеңсеміз өз орнында тұрады деп сенемін», – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Цукерберг қызы дүниеге келген кезде бір ай, содан кейін желтоқсан айында бір ай демалмақ.
“Facebook-те біз ата-аналарға төрт айлық демалыс береміз, себебі зерттеуге сәйкес, жұмыс істейтін ата-анасы баласына көңіл бөлсе, ол отбасы үшін жақсы», – деп атап өтті ол.
Айта кетейік, Марк 2012 жылы Присцилла Чанмен шаңырақ көтерген болатын. Жұбайлардың 2015 жылы туған Максима есімді қызы бар.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар