Мариуполь босатылды - РФ қорғаныс министрі Путинге есеп берді
Ресей әскері мен Донецк ұлттық Республикасы милициясы Мариупольді босатты. "Азовтсаль" комбинатының аумағында 2 мыңнан аса жауынгер бұғатталды. Бұл туралы РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу Владимир Путинге берген есебінде айтты.
Оның айтуынша, қазір Мариупольде жағдай бірқалыпты, тыныш. Тәртіп орнатып, бейбіт өмірді жалғастыруға мүмкіндік бар. Путин жауынгерлер бұғатталған аймаққа шабуыл жасауды тоқтатуға бұйрық берді.
"Өнеркәсіптік аймақты айналасынан шыбын ұшпайтындай етіп бұғаттаңыздар", - деп бұйырды РФ президенті.
Сондай-ақ, Путин Мариупольдің босатылуын "табысқа" теңеп, қорғаныс министрін құттықтады.
"Сізді құттықтаймын. Әскерге де құттықтай сөздерін жеткізіңіз. Көзге түскен жауынгерлерді мемлекеттік наградаға ұсыныңыз", - деді Владимир Путин.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық анасы қайтыс болған соң Мысырға алған турынан бас тартып, ақшасын толық қайтара алмай жүр
Галина: "Неге Қазақстан заңнамасында мұндай жағдайда ақшаны қайтарудың орнына негізсіз айыппұл салады?"