AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Халық Кеңес одағына оралғысы келеді": Ресей Думасы КСРО-ның байырғы туын қайтаруды ұсынды

Ресейдің коммунистік партия фракциясы мемлекеттік думаға Ресей аумағында үш түсті ту белгісін КСРО туымен ауыстыру туралы заң жобасын ұсынды. Мұндай құжат думаның электронды базасында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

россия флаг ксро

Заң жобасын түсіндіру жазбасында бұл өзгерістер тарихи олқылықты және заңнаманы түсініксіз ұқтыру әрекеттерін жоятынын атап өткен.

"Бұл заң азаматтарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге ықпал етеді, өз еліне деген мақтаныш сезімін, оған деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін еркін және ашық білдіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің ата-бабаларымыздың - Отан қорғаушыларының құрметі мен естелігін сақтайды. Ресей өзіне даңқты жеңістер мен ұлы әлемдік державаның символын қайтарады", - делінген түсіндірме жазбада.

Бастаманы көтергендердің бірі депутат Анжелика Глазкова қазіргі жағдайда қызыл тудың ерекше өзекті екенін атап өткен.



"Фашистерді қызыл туымызбен қарсы алуға шыққан әлгі әжені бүкіл әлем танитын шығар. Дәл осы тудың арқасында біз Ұлы Отан соғысында жеңіске жеттік. Кеңес одағының бүкіл жетістіктері осы тумен байланысты. Сондықтан, әсіресе, бізде әскери операция жүріп жатқан кезде бұл тақырып бұрынғыдан да өзекті деп есептеймін. Біз ЛХР мен ДХР тұрғындарының біздің әскерді қызыл тумен қалай қарсы алғанын көрдік. Халық Кеңес одағы кезеңіне оралғысы келеді", - деді Глазкова.

EADaily хабарлағандай, Кремль Украинадағы арнайы әскери операция кезінде кеңестік рәміздердің қолданылуына назар аударып, Жеңіс туы Ресейде де, шетелде де азаматтардың көптеген ұрпақтары үшін қасиетті екенін атап өткен.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр