AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей Украинаның барлық қаласына шабуыл жасайды - Рамзан Қадыров

Ресей қарулы күштері Украинаның барлық қаласына шабуыл жасайды. Шешенстан президенті Рамзан Қадыров осылай Telegram-арнасында жариялаған бейнеүндеуде осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, қарулы күштер қалалар, ауылдар мен елді мекендерді "ұлтшылдар" мен "бандеровецтерден" тазарту үшін шабуылды бастайды. 

"Міндеттер айқын, біз де нақты іске кірісуді бастап жатырмыз.  Шабуыл тек Мариупольге емес, барлық басқа қалаларға, ауылдар мен елді мекендерге жасалады. Бірақ бірінші кезекте Луганск пен Донецкті босатамыз, бас қолбасшы президент (Владимир Путин) осындай тапсырма берді", – деді Қадыров.

Сондай-ақ Қадыров "Әскер Киевтен кетсе, Ресей Украинадан жеңіліп жатыр" деген түсінікке қатысты пікір білдірді.

"Біздің жоғарғы бас қолбасшымыз қойған талаптарды Киев орындамаса, соғыс аяқталмайды. Біз олардың талқанын шығардық. Тіпті тірі қалғандарының өзі моралдық тұрғыдан өлді", –  деді Қадыров.  

Бұған дейін Қадыров Мариупольдегі ннгізгі міндеттердің аяқталуға жақын қалғанын хабарлады. Оның сөзінше, жойылуы тиіс жаудың аз ғана бөлігі қалған. Ал бейбіт тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшіріліп жатыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр