Журналист Диего Марадонаның неге кедейлікте қайтыс болғанын айтты
Аргентиналық журналист Луис Вентура 61 жасында қайтыс болған ел құрамасының бұрынғы футболшысы Диего Марадонаның қаржылық проблемалары туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзіне қарағанда, спортшыда ешқандай дүние қалмаған, тіпті Марадона жоқшылықта қайтыс болған. Репортер Марадонаның зарттары ұрланғанын, ал қалғанын бөлігін өзі бергенін атап өтті.
Футбол жұлдызының жалғыз табыс көзі соңғы жылдары өзі жаттықтырған Гимназия клубы беретін жалақы болған.
Еске салайық, Марадона 25 қарашада 60 жасында қайтыс болды. Алдын ала сараптама мәліметтері бойынша оның өліміне жедел жүрек жеткіліксіздігі себеп болған.
Марадона танымал "Барселона", "Наполи" және "Ньюэллс Олд Бойз" командаларына ойнаған. Аргентина құрамасы сапында 1986 жылы әлем чемпионы атанды. Футбол тарихындағы ең үздік ойыншылардың бірі болып саналады.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады