Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан әлем чемпионы Диего Марадона көз жұмды

Футболдан әлем чемпионы Диего Марадона қайтыс болды, деп хабарлады Аргентина TN телеарнасы.

Диего Марадона 60 жаста еді. Ол 30 қазанда медициналық тексеруден өту үшін ауруханалардың біріне жеткізілген. Кейінірек оның миына ота жасалды деп хабарланды. Марадона 12 қарашада емханадан босатылды.

Диего соңғы рет 30 қазан күні Марадонаның 60 жылдығына арналған "Химнасия мен Эсгрима" командасы мен "Патронатоның" ойынында көпшілік алдына шықты. Матч алдында оған ескерткіш тақта табыс етілді.

Диего денсаулығының нашарлап тұрғанын айтып, матчтан кетіп қалды. Марадонаның алкоголизм мен нашақорлықтың салдарымен күресті. 

Марадона Аргентина құрамасын, Аргентинаның «Расинг» және «Химнастия» клубтарын жаттықтырған.

Сонымен қатар, ол арабтардың «Аль-Васл» және «Аль-Фуджайра» клубтарында жұмыс істеді. Қысқа уақыт ішінде ол Беларуссияның Динамо Брест клубының құрметті президенті болды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр