Маңғыстау облысында оқушылардың тамақтан жаппай улануы: Іс сотқа келіп түсті
Маңғыстау облысында Бесшоқы ауылындағы мектеп асханасында оқушылардың жаппай тамақтан улану фактісі бойынша қылмыстық іс облыстық сотқа жіберілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Сот отырысының болатын күні әлі хабарланбады.
"Іс енді ғана келді. Қазір судьялардың қолында", – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Іс қылмыстық кодекстің 304 -бабының 1-бөлігі (абайсызда адамдардың жаппай ауруға, инфекцияға, сәулеленуге немесе улануға әкеп соққан санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша қаралады. Сотқа дейінгі тергеуді Мұнайлы аудандық полиция бөлімі жүргізді.
Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысында Бесшоқы ауылындағы №8 мектепте оқушылар жаппай тамақтан уланып қалған еді. Деректерге сенсек, мектеп асханасына барған 1-4-сынып оқушылары зардап шеккен. Алты қызметкерге стафилококк диагнозы қойылды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады