Маңғыстау облысындағы балабақшада бүлдіршіндер жаппай уланғаны туралы ақпарат тарады
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылындағы балабақшада бүлдіршіндер жаппай уланып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Жаңаөзен тұрғындары мектеп жасына дейінгі 100 баланың тамақтан уланғанын хабарлады. Кейбіреулері ауруханаға түскен.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ақпаратты ішінара растады. Олардың мәліметінше, медициналық мекемеге небәрі 37 өтініш түскен.
"31 қаңтар сағат 20:13-те Жаңаөзен қаласының Қызылсай ауылынан жедел жәрдем қызметіне тұрғындар ішінің ауырсынуына шағымданды. Барлығын жедел жәрдем бригадасы тексерді. Қаралған 37 адамның төртеуі ауруханаға жатқызылды. Оның біреуі ересек, үшеуі бала”, – деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Еске салайық, Маңғыстауда 400-ден астам бала мектеп асханасында уланған еді.
Гарвард пен тоғыз тіл: Желі қолданушылары қазақстандық оқушының жетістіктеріне күмән келтірді
11-сынып оқушысы 9 тілді еркін меңгерген екен
Алматылықтар тұмшаға тұншығып жатқанын айтып, дабыл қақты: Қай ауданның тұрғындары қауіпті аймақта орналасқан
Almaty Air Initiative: "Қолайсыз ауа райы кезінде ластаушы заттар ауада дұрыс таралмай, қала үстінде жиналып қалады"