Маңғыстау облысында қатты жел соғып, шатырлар мен бағаналарды құлатты
Маңғыстау облысындағы елді мекендерде қатты жел соғып, шатырларды ұшырып әкетті, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Жетібай ауылында қатты желдің салдарынан жол бойында орналасқан құрылысы аяқталмаған ғимараттың шатыры ұшып кетті. Оқиға салдарынан жол жабылды. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері жетті.
5 наурыз күні Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылында екпіні 28 м/с болатын желдің салдарынан тұрғын үй аумағындағы уақытша құрылыстың шатыры құлап кеткені туралы ақпарат келіп түсті.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Салдарынан екі әуе электр желісі зақымданған.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына "МРЭК" АҚ мен "МаңғыстауЭнерго" МКК-нің жеті техникасы мен 27 адамы жұмылдырылған. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары қалыпты жұмыс істеп тұр.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"