Маңғыстау облысында 4 жасар бала 6 айлық інісінің басынан теуіп, сүйегін ойып жіберді
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында алты айлық сәбидің бас сүйегіне операция жасалды. 4 жасар бала сәбидің басынан теуіп, бас сүйегін деформациялаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Азамат Сәрсембаев Facebook-те жазды. Оқиға 20 сәуір күні болған. Кешкі сағат 19:35 шамасында алты айлық сәби бас-сүйек зақымымен ауруханаға жеткізілген.
Ата-анасының айтуынша, 4 жасар ағасы абайсызда баланың басынан тепкен.
"Сәбиге сол сәтте операция жасалды. Балалар нейрохирургі Ербол Кенжевалов сүйекті трепанациялау жолымен сәтті ота жасады. Зақымдалған ойық қалпына келтіріліп, осылайша сәбидің де жағдайы тұрақталды", - деп хабарлады Сәрсенбаев.
Қазіргі уақытта бала травматология бөлімінде жатыр, жағдайы орташа.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар