Сот әйелін өлтіріп, өзіне қол салмақ болған Ақтөбе тұрғынына қатысты үкім шығарды
Әйелін бірнеше жерден пышақтап, кейін өзіне қол салмақ болған Ақтөбе тұрғыны 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасы айыптау актісін жасап, әйелін өлтіруге оқталу, сондай-ақ қамаудан қашып кету дерегі бойынша күдікті Ақтөбе қаласының тұрғынын сотқа жіберді.
Айыптау актсіне сәйкес, күдікті мас күйінде әйеліне бірнеше рет пышақ сұғып, кейін сол пышақпен өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Бірақ дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің нәтижесінде ол ойлағанын іске асыра алмады", - деді Ақтөбедегі Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев.
Сот айыпталушыны кінәлі деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айырды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”