Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе тұрғыны әйелінің қаһарынан қорқып, 23 млн теңгені жолдасына ұрлатқан

Ақтөбе тұрғыны әйелінің қаһарына ұшырамау үшін 23 млн теңге қаржысын ұрлатып алғандай кейіп жасады. Бұл туралы Ақтөбе полиция департаментіне сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

4 сәуір күні №2 қалалық полиция бөлімшесіне 29 жастағы Ақтөбе тұрғыны жүгінген. Ол қомақты сомманың ұрланғанын хабарлаған. 
Жәбірленушінің сөзінше, белгісіз адамдар оның Lada Priora автокөлігінен полиэтилен пакетін ұрлап әкеткен. Ал оның ішінде 23 млн теңге болған. 
"Полиция қызметкерлері қылмыстық істі тергеу барысында жедел шаралар атқарып, нәтижесінде жәбірленушінің сөзі шындыққа жанаспайтынын анықтады. 

Ұрлық қаланың басқа ауданында жасалған. Дәлелдер келтірілген соң, ер адам ақша ұрлығын қолдан жасағанын мойындады. Ақшаны өзінің танысына ұрлатқан", - деп хабарланды полициядан. 



Шын мәнінде ер адам аталған сомманы тігіске қойып, ұтылып қалған. Әйелінің қаһарына ұшырамау үшін осындай амал ойлап тапқан. 

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 419-бабы бойынша ("Көрінеу жалған сөз жеткізу") сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 
Аталған бап бойынша, кінәлі 8 жылға дейін сотталуы мүмкін. 
 

Талқылау