AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар қандағы қант деңгейін төмендететін өнімді атады

Мамандар қандағы қант деңгейін төмендететін өнімді атады. Ол үшін жаңғақ қолдануға кеңес береді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Eat This, Not That!  басылымы қандағы глюкозаның деңгейі көмірсуларға ғана емес, сонымен қатар тағамдағы ақуыздардың, майлардың және жасұнық (клетчатка) мөлшеріне де байланысты екенін атап өтеді. Сарапшылар жаңғақтарды қандағы қант деңгейін тез көтеретін, сондай-ақ, төмендететін алма сияқты басқа тағамдарға қосымша ретінде тұтынуға кеңес береді.

Сонымен қатар, диетаға бір уыс жаңғақ немесе жаңғақ майын қосу тамақтан кейін қандағы қанттың азаюына әкеледі. Нәтижесінде мұндай жеңіл тағамдар ұзақ уақыт тоқтық сезімін сезінуге ықпал етеді.

Жаңғақтар әртүрлі дәрумендерге бай, соның ішінде Е дәрумені де бар. Ол ағзадағы қабынуды азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар, витамин жүрек-тамыр жүйесінің жұмысына оң әсер етеді.

Зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, Жерорта теңізі диетасын ұстану депрессия белгілерін жеңілдетуге көмектеседі. Бір топ тәжірибеден өтушілердің тамақтану рационына күніне бір порция жаңғақ енгізілді, нәтижесінде депрессия жағдайы айтарлықтай жақсарғаны анықталған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр