Маман қауіпті ісіктің алғашқы белгілерін атады
Онколог Евгений Черемушкин көз ісігінің алғашқы белгілерінің атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі News.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Көз ісігі – қауіпті әрі сирек кездесетін ісік түрі. Маманның сөзінше, аталған дертті тек мамандар ғана анықтай алады. Сондықтан жыл сайын офтальмологқа тексерілу керегін айтады.
"Ең алғашқы белгілерінің бірі – жітілігінен айырылу. Дерттің бастапқы кезеңдерінде белгілері байқалмауы да мүмкін", – дейді ол.
Көз ісігі кезінде көздің ішкі торы қабатталып кетуі мүмкін. Егер дерт ерте анықталса, емдеуге болады екен. Ал дерт асқынғанда көз ауырып, фотопсия пайда болады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған