Мальдив президенті дағдарыстан құтылу үшін жалақысын екі есе төмендетті
Мальдив Республикасының президенті Мохамед Муиззу мемлекет қаржысын үнемдеу және елдегі дағдарысты кезінде шығынды азайту саясаты аясында жалақысын 50%-ға төмендету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Times of India басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: haqqin.az
Муиззу кеңсесінің мәліметіне сәйкес 2025 жылдан бастап ел басшысының жалақысы 600 мың руфий немесе 39 мың доллар көлемінде болады. Бұған дейін президент 1,2 миллион руфий жалақы алып келген. Екі есе азайтқан күннің өзінде президенттің жалақысы елдегі тұрмыстық шығындар көлемінен екі есе көп (316 мың руфий).
Муиззудің шешіміне сәйкес мемлекеттік мекемелер мен министрліктердегі қызметкерлердің жалақысы 10%-ға төмендейді. Тек судьялар мен заң орындаушыларының жалақысы өзгеріссіз қалады.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады