Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мал-жанға қиын соғады": Жұлдыз жорамалшы алдағы қыстың қандай болатынын айтты

Қазіргідей озық техника жоқ заманда да қазақтар алдағы ауа-райын қалай боларын дөп басып біліп отырған. Этнограф-ғалым, фольклоршы, қазақ дүниетанымына байланысты көптеген кітаптың авторы Болат Бопай ежелгі қазақтардың ауа-райын қалай болжағанын және алдағы қыс қандай болатынын Stan.kz тілшісіне айтып берді.

болат бопай

Биылғы жаз өте ыстық болды. Жаздың ыстығын қазақтар ақпанда болатын аязбен салыстырып, қыс қатты болады деп сенген. Жаздағы жауған жаңбыр, қыста өте суық қар болып келеді. Осы жағдайды ескере отырып, қаңтарда, бәлкім, ақпанда қатты суық болатын шығар деп жорамалдап отырмыз. Мұны бір деп есептеңіз.

Екіншіден, аспанда Босағалық деген жұлдыз бар. Төрт маусымда төрт рет көрінеді. Босағалық жұлдыз бір-біріне жақын келіп тұрса, күздің тез өтетіндігін; алыс тұратын болса, жылы, жайма-шуақ өтетіндігін байқатады. Жақында қарағанымда Босағалық жұлдыз алыстап тұрды. Сондықтан қыстың аяғы созылып өтеді деп түйдім. Осы жылы қыс қатты болады. Ақпан, қаңтар айлары оңай болмайын деп тұр. Батыс өңірлерге қар әлден жауа бастады. Оңтүстік жақта биыл жазда жаңбыр аз болды. Сондықтан қар қалың түспеуі мүмкін. Бірақ Шығыста шыңылтыр аяз болады. Мал-жанға қиын соғады. 

Қазақтар ауа-райын қалай болжаған: Этнограф Болат Бопай аязды қыс пен шіліңгір ыстықтың белгілерін ажыратуды үйретті >>

Бұрындары аналарымыздың өзі есепшідей болған. Малдың ішегін тазалап отырып, биылғы қыстың жай-күйін дөп басып айтып отырған. Сонда ішегін тазалап отырып, майлы ма, ішіндегі қи сары құмалақ па, жоқ қи қалпында тұр ма, өріс пісті ме, піскен жоқ па, дәріге айналды ма, жоқ па, малдың ішегі ұзын ба, қысқа ма, соған қарап қысты болжап отырады екен. Малдың ішегі көк ішек екен, шөптің буыны әлі қата қоймапты, қыс қатты болады екен. Сары алтындай құмалақ болып түсіп жатса, малдың ішегі майлы биыл тоқшылық болады екен дейді. Малдың ішегін өрген кезде қысқа болып тұрса, қыс тез, жайлы өтеді екен, арық болып өргенде жылбып жататын болса, қыстың аяғы созылып кетеді екен деп болжаған. Қыс екі рет келеді екен дегені көктемде тағы бір қыс болады екен деп, көктемнің де жайсыз суық болатынын айтқан. 

 

Материалды дайындаған: Жанна Мәлік

Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет! Хат түріндегі рұқсат берілген жағдайда, эксклюзив материалды жарияланған уақытынан 24 сағаттан кейін ғана көшіруге рұқсат беріледі.

Талқылау
Пікір
Этноастроном
14 Ақп, 23 жыл - 22:09

Далбаса! 

Ауа райын дәл болжау мүмкін емес! Оның аты стохастика. Мұның бәрі есепшінің жай болжауы ғана қай жерде боран, қашан  болады? Кім айтып бере алады? 

Осы Бопай көп бекер сөз айтады, астрономияны білмейтін адам қалай халық астрономиясымен айналысады?

Босағадағы жұлдыздардың алыстағанын қалай өлшепті? Ол не далбаса?