Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Жүнісова Арман Дүйсенов жайлы қызық естеліктермен бөлісті

Танымал әнші Мақпал Жүнісова “Ел” бағдарламасында марқұм әнші, композитор Арман Дүйсенов туралы қызық естеліктермен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Біз Кенжебектің Астанада өткен шығармашылық кешіне бардық. Кенжебек екеуіміз қос дауыста екі ән айттық. Халық мені жібермей тұр. Мен басқа ән дайындамағанмын. Сөйтіп Арманның концертке келетінін естігенмін. Отырғандардан: “Арман Дүйсенов, осындасың ба?” дедім. Дауыстап шақармасам өзімнің көзім көрмейді. Залда отыр екен. Бір ән айтып берейік деп шақырдым. Ол менің репертуарымды жақсы білетін, мықты сүйемелдейтін. Өз бала сияқты болатын. Апыр-топыр жүгіріп келіп менімен амандасайын деген екен. Сөйтсе еденге біреу су төккен көрінеді шалқасынан құлап түсті. Шошып кеттім, қарасам құлап жатыр екен. Құдай аузыма салды, дүйім жұрттың алдында: “Маған жақындаған жігіттердің бәрі осылай жалпасынан түседі” деп күлдім. Арманжан оңбай құлады, бірақ орынан тез тұрып, Ескендір Хасанғалиевтің “Гүлсезім” деген әнін рояльмен беріліп ойнады”, – дейді өнер иесі қызық сәттерді еске алып.

 

Талқылау