Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Маған жала жауып отыр": "Педофил" деп айыпталған блогер Қолғанат Жұмабаев әйелінің кішкентай қыздардан қызғанғанын айтты

Желіде оралдық блогер Қолғанат Жұмабаев кәмелетке толмаған қыздарға жазып, қырындады деген ақпарат тараған еді. Блогер осы оқиғадан кейін реанимацияға түсіп қалғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Руслан Өтепбай YouTube-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Қолғанат Жұмабаевтың жасөспірім қыздарға жазғанын әйелі Құлпынай Қанат хабарлады. Сондай-ақ ол ер адамның кішкентай қыздармен түскен фотоларын, хаттарын және басқа жасөспірімдердің мойындаған оқиғаларын жариялады. Блогер осы оқиғадан кейін өз баласы мен қыздардың болашағы үшін алаңдап, реанимациядан бір-ақ шыққанын мәлімдеді. 

Сонымен бірге ол жары Құлпынай Қанатпен қалай танысқанын айтып берді.

“Алматы қаласында 2 жыл медреседе оқыдық. Сол жерде Instagram желісі арқылы таныстық. Сол кезде қатты ұнап қалған еді. Өмірде үш-ақ рет кездестік. Бір жағы Құран жаттап, медресе тәмамдап келе жатырмын, екінші жағынан үйге қуаныш болсын, келін алып келейін деп танысқан едім. Ол кезде жасым 25-те еді. Ал ҚҰлпынай 20 жасқа енді толған. Ол алғаш танысқан кезде 17 жаста болдым деп айтты. Алғаш Instagram арқылы таныстық, ол кезде расымен 17-де болды. 20 жасында кездесіп, ата-анамыз танысып, заңды түрде үйлендік. Әзірге әйеліммен ажырасуға ниетім жоқ. Бәрінің анық-қанығын ашуым керек”, – дейді блогер. 



Блогер Қолғанат Жұмабаев болашақта видеоны тек қыздардың ата-анасының рұқсатымен түсіретінін айтты. 

“Негізгі жағдай несиеден басталды. Екеумізде де бар, ортақ мүддеге алғанбыз. Егер ажырассақ ол қарызды бөлек төлейміз. Қазақта айтады ғой, қойныңдағы қатыныңа сенбе, астыңдағы атыңа сенбе”, деп. Ол маған жала жауып отыр. Мен оның үстінен полицияға арыз жазған да жоқпын. Осы шулы жағдайдан кейін видео-контент түсірмей кеттім. Болашақта тек қыздардың ата-анасының рұқсатымен ғана түсіремін. Ал әйелімнің бұлай шу шығаруы жеке қызғаныштан болды деп ойлаймын. Ол мені кішкентай қыздардан қызғанды”, – дейді блогер. 

Айта кетейік, бұған дейін Желіде оралдық блогер Қолғанат Жұмабаев кәмелетке толмаған қыздарға жазып, қырындады деген дау шыққан еді. Блогердің әйелі Құлпынай Қанат ер адамның кішкентай қыздармен түскен фотоларын, хаттарын және басқа жасөспірімдердің мойындаған оқиғаларын жариялады.

Кейіннен прокуратура мен құзырлы органдар блогер Қолғанат Жұмабаевтың әрекетіне қатысты тексеріс жүргізетінін мәлімдеген. 

Талқылау