Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мадияр Әшкеев доминикандық қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді (видео)

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтіп жатқан бокс кешінде америкалық боксшы Хосе Антонио Абреуді техникалық нокаутпен жеңді.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Жекпе-жек 1 минут 52 секундқа ғана созылды. Мадиярдың жойқын соққысынан кейін америкалық боксшы бір тезірлеп барып, қайта тұрды. Қайта тұрғанмен, жағдайының ауыр екенін байқаған төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Мадияр Әшкеев кәсіпқой бокстағы 9-шы жеңісіне қол жеткізді. Ешбір  кездесуінде жеңілмеген. Боксшы танымал менеджер Эгис Климаспен бірге жұмыс жасайды. Ол танымал боксшылардың талайымен келісімшарттағы менеджер.

Эгис Климаспен келісімде Сергей Ковалев (31-2-1, 27 КО), Василий Ломаченко (10-1, 8 КО), Александр Усик (14-0, 11 КО) бар. Жақында бұл қатарды Қанат Ислам да толықтырды.

Оқи отырыңыз:

Ойын кезінде қарсыласы 16 жастағы қақпашының мойнын конькимен тіліп жіберді

Ниязбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды 

Алматы облысының тұрғыны күйеуі 70 жасқа толғанда бесінші тоқал алып бермек

Дәрігерлер бөлшектенген денесін жинады: Балқашта 5-қабаттан құлаған қыз аман қалды

Талқылау