Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ойын кезінде қарсыласы 16 жастағы қақпашының мойнын конькимен тіліп жіберді

«Қар барысы» клубының қақпашысы Вилен Прокофьев Жастар хоккей лигасының кезекті ойыны кезінде жарақат алды. Қазақстандық «Қар барысы» хоккей лигасында ресейлік «Мамонты Югры» командасына қарсы ойын көрсеткен еді.

Бұл туралы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Кезекті чемпионат ойыны 2 наурызда Астана қаласында өтті. Ойын «Мамонты Югры» командасының пайдасына 1:6 есебімен аяқталды.

Ойынның 55-минутында «Мамонты Югры» командасының қорғаушысы Дмитрий Юшкевич аңдаусызда қақпашы Прокофьевтің мойнын конькимен тіліп жіберді. Қуанышқа орай, қақпашы терең жарақат алмаған. Десе де Прокофьев мұз алаңынан кетуге мәжбүр болды. Оның орнына Дмитрий Каратаев шығып, екі шайбаны қақпаға жіберіп алды.

Айта кетсек, 16 жастағы Прокофьев ЖХЛ ағымдағы маусымда сынға түсе бастады. Қазақстандық спортшы осыған дейін 12 ойын өткізіп, 40 шайба жіберген.

Оқи отырыңыз: 

Ниязбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды 

Алматы облысының тұрғыны күйеуі 70 жасқа толғанда бесінші тоқал алып бермек

Дәрігерлер бөлшектенген денесін жинады: Балқашта 5-қабаттан құлаған қыз аман қалды

Керек кеңес: Асқазан жарасын какаомен толықтай емдеп жазуға болады

Талқылау