Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лотореядан 5,5 миллион ұтып алған 57 жастағы әйел қыздай жасарып алған

Ұлттық лотереядан 5,5 миллион доллардан астам ақша ұтып алған Мелисса Эд бет-пішінін өзгертетін косметикалық процедураларға 4 162,40 доллар жұмсаған.

Лоторея ұтып алған Лондон қаласының 57 жастағы тұрғыны салбыраған артық терісін алдырып, бетіне ботокс жасатыпты. Оған қоса ол ернін үлкейтіп, қасын көтертіп, тағы да ота жасатпақшы екен. Бұл туралы Mirror хабарлады деп, жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Миллионер әйелдің күйеу жігіті  Рейчел Насон қалыңдығының адам танымастай өзгеріп, жасарып кеткеніне қуанып отыр. Ол Мелисса бұрын салбыраған терісімен жүргенде күркетауыққа ұқсайтын деп, қалжыңдады.

«Оның терісі бұрынғыдай салбырап тұрмайды. Қазір бетінде пішін пайда болып, сұлулана түсті. Мен енді одан: басымды ауыстырғым келеді деген сөзді күтіп жүрмін. Ол содан кейін ғана бақытты болатын шығар деп ойлаймын»,-деді Рейчел Насон.

Ал ақшаға белшесінен батқан Мелисса келесі кезекте мұрны мен тісін өзгертікі келеді екен. Оның үстіне, ол бет-әлпетін жас көрсететін ота жасатпақшымын дейді.

«Мен өзімді жай ғана жас, балғын, әрі нәзік әйел сезінгім келеді»,-дейді Мелисса Эд.

Жіберіп алмаңыз:

Сирияда ресейлік ұшақ апатқа ұшырап, 32 адам мерт болды

Есін жоғалтқан қыз күйеуімен ажырасып кеткенін ұмытып қалып, күн сайын қайғырады

Шаруа жаңа туған қозыны қызып тұрған пешке салып аман алып қалды

Қытайда әлемдегі ең ұзын теңіз көпірі салынды (фото, видео)

Талқылау