Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есін жоғалтқан қыз күйеуімен ажырасып кеткенін ұмытып қалып, күн сайын қайғырады

Қазан қаласының тұрғыны күрделі отадан кейін есін жоғалтып, мүгедек болып қалған. Сол себепті күйеуімен ажырасқанын күнде ұмытып кетіп, қайтадан күйзеліске түсіп қайғырады.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

29 жастағы Вероника Мещерякова өте сирек кездесетін порфирия ауруына шалдыққан. Ол орта ғасырларда «вампир ауруы» деп аталған. Бұл ауруды емдеу тым кеш болғандықтан дәрігерлер күрделі ота жасауға мәжбүр болды. Отадан кейін қыздың қолдары мен бас миының бір бөлігі жұмыс істемей қалған. Енді есін жоғалтқан науқас күнде өзіне не болғанын ұмытып қалады.

Мещерякованың күйеуі отадан кейін әйелімен ажырасу туралы арыз берген. Ал мүгедек қыз күйеуімен ажырасқанын ұмытып кетіп, күнде жұбайын жұмыстан күтіп отырады. Туыстары Вероникаға үнемі оның күйеуімен айырылысып кеткенін есіне түсіріп тұрады екен. Науқас болса мұндай жаңалықтарға қатты күйзеліп, бір жағдайға бола қайта-қайта қайғыра береді.

Енді қыз ауруынан тезірек айығып кету үшін барын салып тырысуда. Ол қайтадан сөйлеуді және жүруді үйреніп, сүйікті күйеуімен бақытты боламын деп үміттенеді.

Жіберіп алмаңыз:

Шаруа жаңа туған қозыны қызып тұрған пешке салып аман алып қалды

Қытайда әлемдегі ең ұзын теңіз көпірі салынды (фото, видео)

Инстаграмды шулатқан модель адам болмай шықты 

Солтүстік Корея басшысы Пхёнчхан олимпиадасындағы жанкүйер қыздарды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген (видео)

Талқылау