Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ливанда 113 қазақстандық бар: Тоқаев олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

Ішкі істер министрлігінің басшысы Мұхтар Тілеуберді Ливан астанасында болған оқиғаны түсіндірді. Оның айтуынша, Қазақстан Президенті министрлікке тапсырмалар берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ливандағы Бейрут қаласының портында бірнеше қатты жарылыстар болды. Қалалық инфрақұрылымға зиян келтірілді, адам шығыны бар. 

"Жарылыс туралы ақпарат алғаннан кейін біздің Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне Ливандағы қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Қазіргі уақытта Қазақстанның 113 азаматы Ливанда консулдық есепте тұр. Біздің дипломаттар олармен байланыста, қазақстандықтардың арасында зардап шеккендер жоқ. Өздеріңіз білетіндей, дипломатиялық миссия кеңсесіне де зиян тиген болатын, ол алдағы уақытта қалпына келтіріледі. Біздің қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері зардап шеккен жоқ", - дейді Мұхтар Тілеуберді.

Ливанда БҰҰ бітімгершілік контингенті бар, оның құрамына 120 қазақстандық жауынгер кіреді. Қазір олардың ротация процесі жүріп жатыр және алдыңғы күні біздің қазақстандық бітімгерлер қызмет өтетін орындарына аман-есен жетті.

Естеріңізге сала кетейік, Бейруттағы жарылыста қазақстандық бітімгерлер зардап шеккен жоқ.

Ливандағы жарылыс құрбандарының саны артып жатыр. Билік елде аза тұту күнін жариялады.

Талқылау