Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейруттағы жарылыста қазақстандық бітімгерлер зардап шеккен жоқ

Ливанда миссиясын атқарып жүрген қазақстандық бітімгерлер Бейрут портындағы жарылыстан зардап шеккен жоқ. Бұл туралы қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік қазақстандық бітімгерлер жарылыстың зардаптарын жоюға қатыспайтынын - осы мақсатта Ливанның өз әскері мен полициясы барын айтты.

"Бейрутта қазақстандық бітімгерлер болған жоқ. Олар елдің оңтүстік бөлігінде тұрады. Олар өз міндеттерін атқаруда. Қазақстандық бітімгерлердің арасында зардап шеккендер жоқ. Олар жарылыстың зардаптарын жоюға қатыспайды. Бұл үшін Ливанның өз әскері мен полициясы бар",  - дейді министрліктің баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, бұған дейін Бейруттағы жарылыс кезінде Қазақстанның Ливандағы консулы жараланғаны белгілі болды. Ол жеңіл жарақат алды деп хабарланды. Дипломатиялық миссиядан басқа ешкім зардап шеккен жоқ.

4 тамызда Бейрут портында күшті жарылыс болды. Эпицентрден бірнеше шақырым радиустағы үйлерде жарылыс толқыны әйнектерді шағып тастаған.

Ливандағы жарылыс құрбандарының саны артып жатыр. Билік елде аза тұту күнін жариялады.

Талқылау