Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде кафеде тыныштық сақтауды сұраған полицей ауыр соққыдан көз жұмды

төбелес
Фото: ChatGpt арқылы жасалды

Өскеменде 4 қазанға қараған түні кафелердің бірінде жанжал болып, салдарынан 40 жастағы полиция қызметкері қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, келушілердің бірі өзін дұрыс ұстамағаны үшін ескерту жасаған ер адамға дене жарақатын салған. Ол 40 жастағы ер адамды теуіп, соққыдан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған. Тағы бір адам зардап шеккен. Бейнебақылау камераларындағы жазбадан күдіктінің оны басынан ұрғанын көруге болады.

“Қаза тапқан азамат полиция қызметкері болған. Оқиға кезінде ол қызметтік міндетін атқарып жүрмеген”, – делінген хабарламада. 

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр. Істің мән-жайына қатысты өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.

Айта кетейік, бұған дейін Қостанайда полиция қызметкерін жабылып ұрған топ сот алдында жауап бергені туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Сейсенбі, 06 Қазан, 2026 08:19