Атырауда лифт адамдарды көтермей үшінші қабаттан құлап кетті: Науқастардың жағдайы белгілі болды
Атырауда қаланың орталығындағы көпқабатты үйде жолаушылар мінген лифт құлап кетті. Адамдар ауыр жарақат алмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Төрт тұрғын үшінші қабатта лифтке мінген. Алайда олар көтерілудің орнына төменге құлдилай бастаған. Абырой болғанда, бәрі аман қалды.
Алдын ала болжам бойынша, лифт кабинасы жүктемеге шыдамаған.
Оқиға салдарынан үшеуі ауруханаға жеткізілген, ауыр жарақат алмаған. Белгілі болғандай, тұрғындар бұған дейін де лифттің жұмысына шағымданған. Сондай-ақ бұл үйдегі лифтілердің ешқайсысы 10 жылдан астам уақыт бойы ауыстырылмағанын айтылды.
Қазір мамандар лифт кабинасының не себепті құлағанын анықтап жатыр. Оқиғадан кейін бірден шенеуніктер облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің барлық лифтілерін тексеруге шешім қабылдады.
“Травматология бөліміне үш науқас жеткізілді. Олар лифт құлап, жарақат алғанын айтты. Барлығы кеуде тұсы мен омыртқасы ауыратынына шағымданды. Оларға рентген түсіріліп, қажетті медициналық көмек көрсетілді”, – дейді травматолог Дәурен Құлахметов.
Оның айтуынша, кейін науқастар амбулаториялық ем қабылдауға жіберілген.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"
