Қазақстанда ер адам лифттен шығып бара жатқан қызды теуіп жіберген
Қазақстандық әйел әлеуметтік желіде өзіне бейтаныс жігіттің лифтіде соңына түсіп, заңсыз әрекет жасағанын айтты. Іс сотқа дейін жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кейін жарияланым авторы бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарап, көлікте отырған жігіттің әдейі оның соңынан лифтке дейін жүгіріп барғанын анықтаған.
“Лифтіге жеткенде оны тіпті танымадым. Алаңсыз тұрдым, ол кіріп үлгерсін деп лифт есігін ұстап тұрдым. Ол түймелерді агрессивті түрде басып, қолы маған тиіп кетті. Содан кейін ол мені ұстай бастады. Ол маған екі рет қол тигізді. Мен оған "Маған тиіспеңізші" дедім. Осыдан кейін ол әдейі менің артымда тұрып, менің шығуымды күтті. Содан кейін мені теуіп жіберді", – деп сипаттады жағдайды қазақстандық әйел.
Оқиғаға қатысты Астана қаласы полиция департаментінің Нұра ауданы полиция басқармасының қызметкерлері пікір білдірді. Полиция құқық бұзушының жеке басын анықтап, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған қатысты әкімшілік хаттама толтырыған. Іс материалдары мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды