Қазақстандық полицей қырғызстандық жолаушының жолақысын төлеп берді
Қырғызстан азаматы Алматыда қыдырып жүріп, діттеген жеріне жете алмай тұрғанда жергілікті полиция қызметкері таксиге деп ақша беріп кеткенін айтты. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Шетелдік азамат Қазақстанға аяқ асты жолға шығып кеткен. Алматыны аралап, тұрғындармен тілдеспек мақсатта келген. Алайда алып шыққан ақшасы жетпей қалған.
“Осы сәтте жататын жеріме қалай да жетіп алудың жолын іздей бастадым, жаяу жүрсем бір жарым сағаттық жол. Сөйтіп патрульдік көлікке жақындадым. Ол жерден полиция қызметкері шықты, мен оған жағдайды, телефонымның қуаты бітіп жатқанын, не істерімді білмей тұрғанымды айттым. Ол маған қарапайым азаматтарды жайдан-жай отырғыза алмайтынын, себебі тәртіп бұзушыларды бақылауы керегін түсіндірді. Содан кейін сәл күте тұруымды өтініп, қалтасынан 1500 теңге шығарды да, "жете ме?" деп сұрады. Мен "иә, тіпті артылып қалады" дедім, ол жымиып, "артығы өзіңде қалсын" деді”, – деп жазды жігіт.
Полиция қызметкері қонақты "біз бауырмыз, қазақ, қырғыз бір туған” деп шығарып салған.

Еске салайық, бұған дейін египеттік блогердің видеосынан кейін екі полицей қызметсіз қалған еді.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"