Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ливандағы жарылыс құрбандарының саны артып жатыр: Билік елде аза тұту күнін жариялады

Ливанда Бейрут портындағы қатты жарылыс құрбандарының саны 78 адамға дейін өсті. Жарылысқа байланысты аймақта апатты жағдай жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жарылыс құрбандарының саны 78-ге дейін өсті, төрт мыңнан астам адам жарақат алды", - делінген Ливанның денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Сонымен бірге, Ливан билігі құрбан болғандар санының өсетініне сенімді, өйткені көп адам хабар-ошарсыз кеткен және құтқарушылар құлаған ғимараттардың үйінділерінің астынан денелерді алуды жалғастыруда.

Ливан

Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Катардан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді сұрады.

"Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ұшақты жеткізу үшін, сондай-ақ Катармен далалық ауруханалардың жұмысын қамтамасыз ету үшін байланысып жатырмыз", - деді денсаулық сақтау министрі Хамад Хассан.

Ливанның жоғарғы қорғаныс кеңесі республика астанасы Бейрут портындағы жарылысқа байланысты шұғыл отырыстың қорытындысы бойынша қаланы апат аймағы деп жариялады.

Ливан премьер-министрі Хасан Диаб жарылыстан кейін қалада екі апта мерзімге төтенше жағдай режимін енгізу қажет деп санайды.

Өз кезегінде президент Мишель Аун 5 тамызда министрлер кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізуге шақырды.

Бұдан бөлек, Ливанның премьер-министрі Хассан Дияб Бейруттағы күшті жарылыстың құрбандарына байланысты сәрсенбіні аза тұту күні деп жариялады.

Ливан

Еске салайық, 4 тамызда кешке Бейрут портында күшті жарылыс болды. Қала әкімінің айтуынша, қала ғимараттарының жартысы зардап шеккен, ал зардап шеккендердің көп болуына байланысты ауруханалар толып кеткен.

Бұған дейін Ливандағы Қазақстанның консулы Бағлан Спабек Бейруттағы теңіз портындағы жарылыс кезінде жарақат алғаны хабарланды. Сондай-ақ, жарылыс толқынының әсерінен Қазақстанның Ливандағы дипломатиялық миссиясының ғимаратынына зиян келді.

 

Талқылау