Лионель Месси "Барселонаға" қайта оралуы мүмкін
Испандық "Барселона" клубының директоры Жоан Лапорта қазір Францияның "Пари Сен-Жермен" клубында ойнап жүрген Лионель Мессидің қайтып оралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Лионель Мессидің Барселона тарихындағы жолы аяқталған жоқ деп үміттенемін. Ол әлі де мүмкін және оны бұрынғыдан да әдемі ету – біздің міндетіміз. "Барселонаның" президенті ретінде мен өзімді Мессидің алдында қарыздар сезінемін", – деп келтіреді Фабрицио Романо Лапортаның сөзін өз Twitter-інде.
Еске салайық, Месси 2000 жылдан 2021 жылға дейін Барселона сапында өнер көрсетіп, содан соң ол каталондық клубтан кетіп, еркін агент ретінде ПСЖ-ға ауысқан.
Шабуылшы каталондықтардың сапында он рет Испания чемпионы атанса, төрт рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Сондай-ақ Месси "Алтын доп" жүлдесін ең көп иеленген ойыншы, ол 7 рет бұл марапатқа ие болған.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан

