Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі кәсіпкер Қайрат Беркінбаев қайтыс болды
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі Қайрат Беркінбаев қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы блогер Дәулет Мұқаев жазды.
"Бүгін таңғы уақытта Қайрат Беркінбаев дүниеден озды. Қайрат ағаны бірнеше рет көргенмін. Өте биязы, сабырлы адам еді. Белді кәсіпкер, өз ісінің маманы еді. Әрі талай қайырымды іс жасап, қайырымдылықтың жаршысы болып жүретін. Аз сөйлеп, көп іс тындыратын. Жаныңыз жәннатта болсын!
Ләйлә Сұлтанқызы, бекем болыңыз! Отбасымызбен қайғырып көңіл айтамыз", – деп жазды Дәулет Мұқаев.
Қайрат Беркінбаев – кәсіпкер, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті. 2019 жылы Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында III дәрежелі "Барыс" мемлекеттік орденімен марапатталған болатын.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"