Латвия Беларусьпен шекараны күзету үшін шұғыл мобилизация жариялады
Латвияның мемлекеттік шекара қызметі Беларусьпен шекараны күзету үшін шұғыл мобилизация жариялап, шекарашыларды демалыстан шақырып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ведомствоның сайтында жарияланған мәліметке сәйкес мұндай шешім қабылдауға мемлекеттік шекарада гибридті қауіптің артуы себеп болған. Соңғы тәулікте 96 рет шекараны заңсыз кесіп өтуге тырысыпты. Сонымен қатар Беларусь билігінің заңсыз мигранттар ағымының артуына деген қызығушылығы артқан.
"Қазіргі уақытта мемлекеттік шекара қызметінің лауазымды тұлғаларына жыл сайынғы демалыс беру тоқтатылды және демалыста болған шенділер кері қайтарылды", – делінген хабарламада.
Шекара қызметі ұлттық қарулы күштер мен мемлекеттік полициядан қосымша көмек сұраған.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған