Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құтқару үшін 3 сағат қажет болды: Бір жарым жасар қыз су ұңғымасына түсіп кеткен (видео)

Аргентинада бір жарым жасар қыз итімен бірге су ұңғымасына құлап кетіп, аман қалды. Оның құтқарылған сәтінің видеосы жарияланды.

Құтқару үшін 3 сағат қажет болды: Бір жарым жасар қыз су ұңғымасына түсіп кеткен (видео)

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, бүлдіршін Пуджио аулында Чичо атты итімен серуендеп жүріп, тар ұңғымаға түсіп кетіпті. Ұңғыманың тереңдігі 5 метр болады екен. Оны көрген жергілікті тұрғындар бірден құтқарушыларды шақырған. 

Полицейлер оқиға орнына келген кезде, қыздың 35 жастағы әкесі ұңғымаға телефонның жарығын түсіріп, қызын көруге тырысып жатқан. Жердің астынан бүлдіршіннің жылаған даусы естілген. Қыздың аяғы қысылып қалғандықтан, оны бірден алып шығу мүмкін болмапты. 

Құтқарушыларға қызды алып шығу үшін, ұңғыманың жанынан жол қазуға тура келді. Бүлдіршінді құтқару операциясы 3 сағатқа созылған. Осы уақыт бойы қыз итін құшағынан шығармапты.

Баланы құтқарып, жоғарыға алып шыққан кезде дәрігерлер оған медициналық көмек көрсетті. Абырой болғанда, бүлдіршін ауыр жарақат алмаған. Бүгінде ол отбасының жанында.

Жергілікті билік оқиғаның себебін анықтап жатыр.

Талқылау