Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай Қазақстанмен арадағы шекараны уақытша жапты

Қытай халқының Жаңа жыл мейрамына байланысты Қазақстан-Қытай шекарасының өткізу бекеті уақытша жабылды.

20170128120015

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Шекарадағы өткізу пункттерінің барлығы мерекеге байланысты жабылды», – деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің  кезекшісі. Сонымен  қатар, Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы консулдық бөлімі де 2017 жылдың 27 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында жұмыс істемейді.

Биыл Қытайдың Жаңа жылы 28 қаңтарға қараған түні басталды. Шығыс күнтізбесі бойынша Қытай жаңа жылының белгілі бір белгіленген күні жоқ, сондықтан әр жылда әр күндері тойланады. Жаңа жылды қытайлар айға қарап біледі, яғни, жылдың алғашқы айындағы бірінші толған ай түні Қытай халқының Жаңа жылы басталады. Және де бұл елдегі жаңа жыл он бес күнге жалғасады.


Жіберіп алмаңыз:

Шымкенттік мүгедектер тегін берілетін қоларбалардың сапасыздығын айтады

Дәурен Абаев ұялы телефондардың IMEI-кодтарын тіркеу жайлы айтып берді

Қызметкерлерін науқастардан қалайда ақша алуға үйреткен бас дәрігер қызметінен кетті

Отбасын тастап кеткен әкесі өзін іздеп тапқан 14 жастағы қызын зорлап тастады

Талқылау