Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстан шекарашылары қазақстандық азаматты атып өлтірді

Қырғызстан шекара қызметкерлері шекара ережесін бұзған қазақстандық азаматқа оқ атты.

23 қаңтар күні үш адам Қырғызстаннан Қазақстанға 10 бас жылқы өткізбек болады. Қырғызстан шекарашылары оларды “Жасөркен” шекара заставасына қарсы шекаралық бөлімде ұстап тұрмақ болады.

Заңбұзушылар оларға қарсылық білдіріп, суық қару қолданады. Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында айтылды.

“Бұл жағдайда қырғызстандық шекарашылар қару қолданды. Соның салдарынан заңбұзушылардың бірі жарақат алды. Қалған екеуі Қазақстан аумағына жасырынып қалды”, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Жараланған қазақстандық азамат ауруханаға жетер жолда көз жұмды. Тараз шекара бөлімінің қызметкерлері екі азаматты іздеп жатыр.

Қырғызстан мен Қазақстан аралығында заңсыз мал өткізу жағдайы сирек емес. 2017 жылдың тамызында 15 адамнан тұратын топ қоршауға алып, қазақстандық шекарашылардың талаптарын орындаудан бас тартып, әскери шабуыл жасады. Сонда оларға от ашылды Қазақстан азаматы жарақат алып, қайтыс болған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау