Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құндыз тон кигізіп, ат мінгіземіз": Димаш Құдайбергеннің ата-анасы ағайынды Оралбайларға ерекше сыйлық жасады

Жұлдызды жұп Қанат пен Света Айтбаевтар Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайға сыйлық жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Өнер иелері спортшының арнайы құттықтап барды. Олар ел намысын қорғаған спорт өкіліне құндыз тон кигізді. 

“Естелік болсын деп, келе жатып саған арнайы сатып алдық. Құрметтеріңізге көп рақмет. Мынау құндыз тон арнайы саған. Киіп алшы, көрейік. Өзіңе шап-шақ екен. Апаңның көзмөлшері дұрыс болды. Ал Айбекке інісіне қолдау көрсетіп, жеңісті, тұғырлы жолда жүргені үшін ат мінгіземіз", – деді Қанат Айтбаев.



Еске салайық, Париж Олимпиадасында 80 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз финалда украиналық Александр Хижнякпен алтынға таласты. Аса тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Хижняк жеңімпаз деп танылды. Осылайша украиналық боксшы Париж Олимпиадасының чемпионы атанса, қазақ боксшысы Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер атанды. 

@_oralbay_nurbek 😍🔥#oralbaynurbek #нұрбекоралбай #oralbayaibek #айбекоралбай #чемпион #бокс @Oralbay_Nurbek @OralbayAibek ♬ Асау жүрек - Ushkyn Zhamalbek
Талқылау