AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құл сияқты қарады": Саясаткер Лондонға отандасын алып келіп, оның ағзасын рұқсатсыз алмақ болды

Нигериялық саясаткерге отандасын заңсыз Лондонға әкеліп, оның ағзасын трансплантациялау үшін рұқсатсыз алмақ болды деген айып тағылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу жәбірленуші Лондонның Камден ауданындағы Royal Free Hospital ауруханасынан қашып, полицияға жүгінгеннен кейін басталды. Белгілі болғандай, 21 жастағы жас жігіт Ұлыбританияға Энугу штатынан Нигерия парламентінің сенаторы 60 жастағы Айк Экверемадумен бірге келген.

Тергеу мәліметінше, саясаткер Африкадан отандасын күштеп әкеліп, қызына трансплантациялау үшін оның бүйрегін алмақ болған. Жәбірленуші процедурадан бас тартқанын және Royal Free Hospital-да барлық сынақтардан өткеннен кейін қашып кеткенін айтты. Бұған қоса, ол Экверемаду оны жіберуден бас тартып, оған "құл сияқты" қарағанын мәлімдеді.

Сенатор мен оның әйелі маусымның 21-і күні Лондонның Хитроу әуежайында қамауға алынды. Айк Экверемадумге адамды пайдалану мақсатында алып келуді, ал әйелге сыбайластық жасады деп айып тағылып отыр. Олар 7 шілдеде Вестминстер магистратурасының сотына келіп, кінәсін мойындаудан бас тартты. Келесі отырыс 4 тамызда өтеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр