Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күзетшінің мұрнын "сындырған": Қайрат Нұртастың өкілдері оқиғаны жоққа шығарды

Жақында эстраданың танымал әншісі Қайрат Нұртас Ақтаудағы Rixos Water World курорттық қонақүйде жанжалдасты деген ақпарат тарады. E-gazet.kz порталы оқиғаның 12 тамызда кешкі Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де болғанын хабарлаған. Алайда Нұртас өкілдері оқиғаның болғанын растаған жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қайрат

Порталдың жазуы бойынша әнші мас күйінде қонақүйдің күзет қызметінің өкілімен төбелескен. 

Желіде бұған дейін таралған видеода қазақстандық әнші күзетшімен сөзге келіп қалған сәті түсіп қалған. Белгілі болғандай, әнші күзетшінің мұрнын сындырған. 


Бауыржан Есебаев: Қайрат Нұртас маған коттедж, джип алып берем деп алдап кетті 


Алайда Нұртастың өкілдері әншінің бұл жағдайға қатысы жоқ екенін жеткізді. Айтуларынша, бұл - жала жабу, басқа біреулердің ойлап тапқан өтірігі.

 Жақында ғана Нұрастың парақшасында  Rixos Water World қонақүйінде түскен видеолары жарияланған. Ол видеода да әнші мас күйінде балаларымен ойнап отырған. Алайда кейіннен видео алынып тасталынды.

Еске сала кетейік, бұған дейін белгілі композитор Бауыржан Есебаев Қайрат Нұртастың орнын Төреғали Төрәлі басатынын айтқан.

Талқылау