Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал композитор: Төреғали Қайрат Нұртастың орнын басады

Қазақ эстрада әншілерінің біразына дерлік ән мәтінін, әуенін жазған автор Бауыржан Есебаев сұхбат берді. Ол Қайрат Нұртас, Ернар Айдар, Қуандық Рахым, Әбдіжаппар Әлқожаларға мегахит әндер жазды. Сазгер қазақ әншілерін салыстыра отыра, олардың қайсысы сұранысқа ие екенін атады. 

Бұл туралы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында айтылды. 

Бауыржан Есебаевтан Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Ернар Айдар, Қуандық Рахым, Әбдіжаппар Әлқожа бесеуінің қайсысы алдағы уақытта сұранысқа ие болады, қайсысы көрермен жинай алады деген сауал қойылды.

"Бесеуінің ішінде Қайрат Нұртас сұраныста болады. Одан кейін Төреғали сұранысты болады. Қайраттың орнын Төреғали баса алады. Егер Төреғалиді алып тастасақ, үшеуінің ішінде Қуандық Рахым алдыға шығады. Ернар Айдар соңғы оқиғаға байланысты, лотерея ойнатқаны үшін, аздап тыңдарманын жоғалтып алуы мүмкін", - деген жауап айтты.

Бауыржан Есебаев Ернар Айдардың басы дауға қалып, елдің ашуына қалған тұста ағалық ақылын айтқан. 


Бауыржан Есебаев: Қайрат Нұртас маған коттедж, джип алып берем деп алдап кетті


 

"Ол лотерея ойынын жарнама секілді ойната салмақ болған. Қателікпен осындай жағдайға тап болыпты. Жарнама үшін 6 млн теңге алған. Қалғанын ұйымдастырушылар алған. Лотерея зардабынан 195 млн теңге шығын келді. Мен сол соманы шамаң келгенше халыққа қайтар дедім. Өзінің алған 6 млн теңгесінен бөлек қайтар дедім. Басқаша ақтала алмайтынын айттым. Содан кейін екінші мәрте мұндай жолға жолама дедім", - деді Есебаев. 

Сазгер Қайрат Нұртастың алғашқы концертінде алдыңғы орындарда отырып келгенін, кейін ортаңғы, соңғы орындарға шақырғанын айтып қалды.Тіпті кей концертіне шақырмайтын болған. 

"Өзің қанатыңмен су сеуіп, шәкірт секілді тәрбиелеген әншілер жоғары көтеріліп, самғағанда одан ажырап қаласың. Оның қасында ақын да, сазгер де, ұры да, қары да көбейіп кетеді. Содан біздің арамыз ажырай бастады. Қайраттың әкесіне қалжыңдап, енді кейінгі концерттерді соңғы орындарда отыратын шығармыз дедім. Кей концертіне шақырмайтын да болды. Мен Қайратты жамандамаймын. Қайрат сондай алтын бала. Өте ақкөңіл бала. Бұл қасындағы ұйымдастырушы, директор, продюсерлердің жұмысы", - деді әндердің авторы.

 

Талқылау