Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйелдерін хиджаб кимегені үшін өлтіріп жатыр": Ұланғасыр Қамидың болашақ жарына қоятын талабы көпке ұнамай қалды

Көпке “Балқия” әнімен танылған хитмен Ұланғасыр Қами болашақ жарына намаз оқытып, хиджаб кигізетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/ulangasyrqamiev/

25 жастағы жігіттің отбасылық өміріне қатысты қағидасы желіде қызу талқыға түсті. 

“Шын түсініп киген әйел хиджабты басын кесіп алса да, шешпейді. Басқасында шаруам жоқ. Мен ертең өз әйеліме хиджаб кигіземін. Басқасы шешіп ала ма, шешіндіре ме, шатағым жоқ. Өзімдікіне кигіземін. Бұған көнетін әйелді аламын, көнбесе, алмаймын. Арабтікі ме, басқаныкі ме, маған бәрібір. Мен оны түсініп тұрмын, түсенетін әйел іздеймін. Кимеймін десе, “сау бол” деймін. Болашақ әйелімнің санын жалтыратып ешқайда шығарғым келмейді”, – деді әнші. 



Сонымен қатар ондай шешімге әйеліне де жауапты болғандықтан барғанын алға тартты. 

“Неге хиджаб кигізесің деген сұрақ болса, ер адам өзіне жауапкершілік алады ғой… Үйленгеннен кейін ақыретке дейін әйеліңе де сен жауаптысың, сұраласың. Егер хиджаб киіп, дұрыс жүрмейтін әйел болса, үйленбей-ақ қойған дұрыс... Әйелін өлтіріп қойды дегеннің бәрі хиджаб кимегеннен басталған шаруа. Ұстаздар баяғыдан айтып келе жатыр. Әйелі санын жалтыратып көшеге шығады, күйеуі оны естиді де, барып өлтіріп қояды деген сияқты, – деп айтты хитмен.

Желі қолданушылары өнер иесінің пікірін қызу талқылап жатыр. 

“Шашыңды жалтыратпай, еркек болшы әуелі”, “Хиджаб киген қызды да өлтірген”, “Мынадай надан адамды сахнаға шығармау керек”, “Мұсылмандарға ән айту харам емес пе?”, – деп жазды желі қолданушылары. 

 

Талқылау