Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйеуім тексеріп, тергеп отырады": Зарина Омарова алғаш рет жолдасы туралы сыр шертті

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші Зарина Омарова алғаш рет жолдасы туралы айтып, көпшілікке фотосын көрсетті. Бұл туралы ол “Ойбай” подкасында баяндап берді. 

Фото: https://www.instagram.com/zarina_omarova_official/

Әншінің жолдасы Ішкі істер саласында жұмыс істейтін көрінеді. 

“Жолдасыммен сіңлім арқылы таныстым. Сіңлім ІІМ академиясында оқитын жігітпен араласып жүрді. Мені таныстырғысы келді. Ол жігіт мейрамханаға екі досымен келіпті. Бірден көзім екінші кірген жігітке түсті. Екеуміздің арамызда сезім сол кезде-ақ пайда болғанын жасырмаймын. Менің арманым мен талғамымдағы ер азаматтың сипатына сай келді. Бойы ұзын, көп сөзі жоқ, сымбатты, қаталдау. Дәл осындай жігітті күттім. Бірақ біз тек бір айдан кейін ғана араласа бастадық. Оның қызы болған. Біз екі жыл бойы кездесіп жүрдік. Бұл аралықта маған көңілін білдіргісі келген жігіт көп болды. Ол қарапайым отбасыдан шыққан. Маған Audi көлігімен келсе, басқа біреу қымбат маркалы көлікпен келіп тұратын. Бірақ мен бәрібір жігітімнің көлігіне отыратынмын. Мен адамның жағдайына ешқашан қараған емеспін. Мен үшін бастысы сыртқы келбеті, өзін қалай ұстайтыны мен сенімділігі. Жолдасым кездесіп жүрген кезде де қызғаншақ болған. Қызғанышпен өмір сүру қиын. Бірақ келістіруге болады", – деді әнші.  



Өнер иесі күйеуіне күн сайын есеп беріп отыратынын да жасырмады. Айтуынша, сонда ғана өмір сүру жеңіл көрінеді. 

“Күйеуіне әйелдері қай жерде жүргенін айтып, не істегенін жасырмаса отбасындағы қарым-қатынас мықты болады. Өнер адамы болғандықтан, кейде апталап гастрольге кетіп қаламын. Ондайда күйеуім қызғанады, тексереді, тергейді. Меніңше, ондай еркектен ештеңені жасырмай, бәрін дер кезінде айтып отыру керек. "Міне, мен шықтым, қазір қонақүйге барамын, саған видеоқоңыраумен хабарласамын" деп бәрін ескертіп, әр қадамыма есеп беремін. Еркекпен әңгімелесу керек, "өзі білсін, өзі неге өйтпейді" деп санасып жүрсең, қарым-қатынасың құрдымға кетеді. Одан гөрі мен сияқты ашық сөйлесу керек. Оны менің күйеуім бағалайды", – деді өнер иесі.

Еске салайық, әнші ата-анасының ажырасуына әжесін кінәлағанын айтқан едік. 

Талқылау