Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық әнші Марат Омаров АҚШ-та голливудтық фильмге түсіп жатыр

Танымал әнші Марат Омаров голливудтық фильмге шақырту алды. Өнер иесінің қызы Зарина Омарова қуанышты жаңалықпен бөлісіп, қазақстандықтардан сүйінші сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/marat_omarov_

Марат Омаров өзінің Instagram-дағы парақшасында түсірілім барысындағы қысқа бейнежазбалармен бөлісті. 

“Сүйінші Қазақ елі! Менің әкем АҚШ-тағы Голливуд киноиндустриясында шытырман оқиғаға толы "Малена" фильміне түсуде. Негізі әкемнің үнемі ізденімпаздығына таң қаламын. Бір орнында отырмай жаңа дүниелерді ашып жүреді. Әкем үшін қатты қуаныштымын. Сізге шығармашылық табыс тілеймін. Қазақ елін жағымды жаңалықтармен таң қалдырудан, қуантудан шаршамаңыз”, – деп жазды Зарина Омарова.

Марат Омаровтың өзі де оқырманға фильм жайлы қысқаша мәлімет берді.

“АҚШ-тағы Голливуд киностудиясында түсіріліп жатқан “Малена” кино туындысына актер ретінде шақырту алдым және қазіргі уақыта түсірілім жұмыстары жалғасуда. Кинода Мексикадан Америка шекарасына өтпек болған Малена есімді қыздың басынан өткізген қиындықтары туралы сипаталады. Алдағы түсірілім барысымен осында бөлісіп отыруға тырысамын”, – дейді Марат Омаров.

 

 

 

Талқылау