"Қуатты бомба жарылысы болады": Шымкентте жалған ақпарат таратқан екі әйел ұсталды
Шымкентте қуатты бомба жарылысы болады деп жалған ақпарат таратқан екі әйел адам ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Шымкент қаласының полиция департаменті екі әйелді ұстаған. Олар қуатты бомба жарылысы болады деген жалған ақпаратты таратқан. Ішкі істер органдарымен ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
«Ішкі істер министрлігі тұрғындардан әлеуметтік желілер арқылы және түрлі мессенджерлер арқылы таралатын жалған ақпаратқа сенбеуін және үрейге бой алдырмауын сұрайды», - делінеді хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін желіде Шымкентте жарылыс болатыны туралы ақпарат тараған еді. Артынша қалалық ТЖД ақпаратты жоққа шығарды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады