Қуандық Рахым тұңғышын перзентханадан шығарып алды
Бірер күн бұрын әке атанған Қуандық Рахым жұбайы мен қызын перзентханадан шығарып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тілекпен кел, жүрекпен кел, Ағайын,
Жақсылықты жақын көрсін жат көрсін.
Тәңір төгіп шуағы мен арайын,
Қызым менің - Қызырлы үйге бақ болсын!" - деп жазба қалдырды ол.
Жас ана Назерке мен кішкентай балапанды шығаруға Қуандықтың отбасы мен туғандары жиналды. Ал әріптестері желі арқылы ақ тілектерін жаудырды.
"Тілекшіңнің бауы берік, құтты болсын бауырым", - деді Нұрболат Абдуллин.
"Ғұмырлы болсын, аққұрдас!" - деп тілегін білдірді Төреғали Төреәлі.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”