ҚТЖ жолдарды заңсыз жалға беріп, 4 миллиард теңге пайда тапқан
Бас көлік прокуратурасы "Қазақстан теміржолы" компаниясының вокзал жолдарын жалға беру әрекетіне сотқа шағым түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Талдау барысында "ҚТЖ" ҰК" АҚ аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік мүлікке билік ету кезінде басымдық таныту фактілері анықталды.
Теміржол операторы 3 жыл "Востокмашзавод" АҚ-ға жалға беруге болмайтын станциялық жолдарды уақытша иеленуге берді, салдарынан жалға алушылар бос тұрған вагондар үшін шамамен 4 миллиард теңге сомасында міндетті төлемдерді төлеуден жалтарып кетті.
Осыған байланысты прокуратура Абай, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды облыстарының соттарына жалға беру шарттарын бұзуды талап ететін талап-арыздармен жүгінді. Қазір қадағалау органының талаптары толық көлемде қанағаттандырылды..
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"