ҚТЖ наурыз айына арналған теміржол билеттері неліктен сатылымға шықпай жатқанын түсіндірді
“Қазақстан теміржолшысы” басылымы наурыз айына арналған теміржол билеттері неліктен сатылымға шықпай жатқанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сурет pexels-тен
Басылымның дерегінше, 2024 жылға жоспарланған темір жолдарды жөндеу жұмыстарының ауқымына байланысты қазір пойыздар қозғалысының кестесіне штаттық түзету енгізіліп жатыр.
“2024 жылы шамамен 1400 шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр. Соған орай, наурыз айына теміржол билеттерін сату мерзімінен кеш, ақпан айының басында ашылады”, – делінген хабарламада.
Елімізде қалыпты жағдайда билеттер сатылымы 45 тәулік бұрын басталады.
Еске салсақ, Жамбыл облысында екі теміржол қызметкерін пойыз қағып кеткенін хабарлаған едік.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді