Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қозғалысы тоқтатылған пойыздарға билет алғандар оны ауыстырып не ақшасын қайтарып ала алады

Қозғалысы тоқтатылған пойыздарға билет алған жолаушылар жұмсаған қаражаттарын қайтарып ала алады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Асылхан Қалдыкөзов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қозғалысы тоқтатылған пойыздарға ертерек билет сатып алған жолаушылар ақшаларын толық көлемде қайтарып ала алады. Сонымен қатар өзге балама пойыздарға да билет алуларына мүмкіндіктері бар», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Айтуынша, билет кассалары штаттық режимде жұмыс істей береді. Туындаған барлық сауалдарға теміржол көлігінің 105 анықтама қызметіне қоңырау шалып, жауап алуға болады.

Еске салсақ, 5 шілдеден бастап, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімімен Алматы-Сарыағаш бағытындағы пойыз уақытша тоқтайды. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар бірнеше пойыздың қозғалыс жиілігі қысқартылады. Олар: Нұр-Сұлтан-Алматы, Алматы-Павлодар, Нұр-Сұлтан-Өскемен және Нұр-Сұлтан-Достық пойыздары.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр