Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көздеріңізді ашып қараңыздар": Жұлдыз "Айқынның тоқалы" дегендерге жауап берді

Әдетте түзде жүретін шоу-бизнес өкілдері карантин уақытында үйде қамалып жатты. Олар балаларымен уақыт өткізіп, демалыс жариялады. Шоу-бизнес те, той-бизнес те тоқтап қалғаны белгілі. Бұл уақытта Айқын мен Жұлдыз уақытын қалай өткізді?

Айқын Төлепберген Жұлдызды қызғанып жүргенін айтты

Бұл туралы Ревю онлайн бағдарламасында айтылды.

Айқын алдағы уақытта жаңа киносының тұсауын кеспек. Ол 8 наурыз қарсаңында көрерменге ұсынбақ болған картинасын карантинге байланысты тоқтатып қойған еді. Жақын күндері көрерменге жол тартады деп сендірді.

"Оған негізі бірінші әйелім түсу керек болған. Бірақ өзі бас тартты. Жарнамасына да түсуге келіспеді. Себебі өзін танығанын қаламайды. Ал, карантин уақытында әншілердің балалары әкелерін танып, бауыр басып қалған шығар деп ойлаймын. Бізде де бәрі жақсы. Карантинді тиімді атқардық. Мықты мықтырақ бола түседі, әлсіз әлсірей түседі мұндайда", - деді Айқын.

Айқын кинода роль сомдағаны үшін жары Жұлдызға қаламақы төлемеген екен. Тек кинодан соң гауһар сақина беруге уәде етті. 

"Мен қаламақы алған жоқпын. Себебі біз пәтерде тұрамыз. Жер үйде тұруға күш салып жатырмыз. Соған ақша жинап жатырмыз. Мен желі арқылы, жарнама арқылы алған қаражатымды да ортақ ақшаға қосамын", - дейді әнші. 

Жұлдыз үнемі өзін тоқал деп айыптайтындардың саны көп екенін де біледі. Оларға айтар жауабы дайын.

"Мені тоқал деп сөгеді. Тоқал деген бір отбасында бірнеше әйел болып тұру. Егер ер адам екі не үш әйелмен бір шаңырақта тұрып жатса, ол әйелдерлі тоқал дейді. Егер бірінші әйелімен ажырасып, екіншісімен заңды некелессе ол екінші әйелі. Мен Айқынның заңды әйелімін. Көздеріңізді ашып қараңыздар", - деді Жұлдыз Өмірғалиева. 


Қанат Әлжаппаров: Әйеліммен кафеде таныстым, оған қарыз болған соң үйлендім


 

Талқылау