Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көз жұмған Мысыр елшісінің әйелі Тоқаевқа үндеу жариялады

Мысыр елінде көз жұмған елшінің әйелі мемлекет басшысына видеоүндеу жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жесір қалған Айнұр Молдабаева Қазақстан президентімен қоса, бас прокурорға, ІІМ және СІМ арнап видео түсіріп жариялапты. Ол марқұм күйеуінің өліміне байланысты тергеуді дұрыс жүргізілуін сұрап, өтініпті. 

"13 желтоқсан күні мен күйеуімді өлі қалпында жатқан күйі пәтерге кіре берісінде тауып алдым. Бас тұсынан аққан қанның көптігі мен мойнына оралып, баспалдаққа байланған жіпті көріп шошыдым. Шалбары шаң-шаң. Керегедегі қан, аяқ киім іздері төбелестің болғандығын аңғартады. Сол себепті күйеуім өзіне қол салды дегенге сенбейін", - деді Айнұр Молдабаева.

Айнұрдың сөзінше, күйеуі Еламан бақилық болмай тұрып елшілік тарапынан пиар жұмыстарын өткізу үшін қомақты ақша алған. Елшінің әйелі қылмыстың себебі осы болуы мүмкін екендігін алған тартты. 

Tengrinews.kz сайтының тілшісіне берген сұқбатында оқиға болмай тұрып күйеуінің үйде түнемегендігін және бұған қоса телефон қоңырауына жауап бермегендін айтқан. Ал таңертеңгісін жұмысына барайын деп үйден шыққан ол ер азаматтың өлі денесін тауып алыпты. 

"Ол жерде жатты. Аяқ-қолы байлаулы. Әпкесі бұл ақпаратты қайдан алғанын білмеймін, мүмкін оны біреулер дұрыс түсінбей қалған шығар. Оны басы лифтке қараулы болды, қарасаң ұйықтап жатқан секілді. Мен күйеуімді көріп, оның есін жимақшы болғанымда артымнан жасы үлкен ұлым жүгіріп шықты. Алайда мен оған есікті жылдам жабуын өтіндім. Біз Еламанды өліп қалды деп ойламадық. Балам интернеттен алғашқы дәрігерлік көмекті қалай көрсету керек екендігін іздеп кетті", - деді Айнұр Молдабаева. 

Марқұмның әйелі ер азаматтың өзіне қол салды дегенге сенбейді. Айтуынша, оның күйеуі мұндайға баруы мүмкін емес. Оның үстіне Еламан Жолдасов дінге жақын адам болған. Ал күйзеліс пен суицид оған мүлдем жат болыпты. Қазір Айнұр Каирде екі баласымен бірге екен, оның үстіне ол үшінші баласына жүкті көрінеді. 

Бұған дейін Мысыр елінде Қазақстан елшісінің қызметкері жұмбақ өліммен қайтыс болғаны айтылған еді. 

 


 

Талқылау