Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көз жұмған 18 жастағы жігіт ағзаларын ауыстыру кезінде тірілген

Ұлыбританияда жүк көлігі қағып, дәрігерлер өлді деп санаған 18 жастағы жігіт ағзаларды ауыстыру отасын жасау алдында есін жиып, тіріліп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun-ға сілтеме беріп.

Таңғажайып оқиға Стаффордшир округінің Лик қаласында болды. 13 Наурызда 18 жастағы Льюис Робертс көлік астына түсіп, ауруханаға жөнелтілген. Жасөспірім дене және басының ауыр жарақатын алған. Дәрігерлер оған шұғыл ота жасады.

Төрт күннен кейін дәрігерлер жәбірленушінің туыстарына жігіттің миы жұмысын тоқтатқанын және оны құтқару мүмкін еместігін айтты. Жақын туыстары Льюиспен қоштасқаннан кейін, жеті адамның өмірін сақтау үшін оның ағзаларын беруге келісімін берген. 

Органдарды трансплантациялауға дайындық біраз уақытты алады және осы кезең Льюис үшін маңызды уақыт болды, өйткені ол өкпені жасанды желдету аппаратынан бірден ажыратылмаған. Операцияға бірнеше сағат қалғанда жігіт аппаратттан өшірілген соң, ол өздігінен тыныс алған. 

Туыстары мен медицина қызметкерлері бұл жағдайға сенбеді, бұл тек өлер алдындағы дененің спазмы деп шешті, бірақ Льюис көп ұзамай көзін ашты.

Қазір жас жігіттің жағдайы жақсарды.  Дәрігерлер сынақтары оның денесіне әсер ете бастаған, аяқ-қолдарын өздігінен қозғалтып, еріндерін қозғалтып, басын бұра алатындай болды. 

Жігіттің туыстары нағыз ғажайыптың куәсі болды деп санайды.

"Мұндай ғажайыпты кез келген отбасы күтеді, әсіресе, енді ешбір мүмкіндік жоқ деген кезде бұл өте таңғаларлық нәрсе", - деді Льюистің әпкесі.

Талқылау